Елорда жаңалықтары

Елордада жас құтқарушылар арасында жарыс өтті

Астана қаласы ТЖД қызметкерлері «Құтқарушы» спорт кешенінің аумағында оқушылар арасында жас құтқарушылардың қалалық жарысын өткізді. Салтанатты жағдайда іс-шараны елордалық ТЖД бастығының орынбасары, полковник Дастан Алдабеков ашты, деп хабарлады Elorda.info.

Жарыстар өрт-құтқару спортының барлық бағыттары және құтқару дағдыларына үйрету бойынша өткізілді. Атап айтқанда: психологиялық тестілеу, «визит карточкасы» конкурсы, «Жас құтқарушылар» командалары арасында үздік әнұран, ту, сәйкес киім-кешек және өздерін таныстыруға арналған конкурс, «газет-жарнама қалқаны» конкурсы, алғашқы көмек көрсету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу, техногенді апат аймағындағы құтқару жұмыстары, табиғи орта жағдайындағы іздестіру-құтқару жұмыстары, су акваториясындағы құтқару жұмыстары, өрт сөндіру эстафетасы және т.б. барлық нормативтер ғана емес, жаттығуларды дұрыс аяқтаулары да қаралды.

Жарыс қорытындысы бойынша 15 команда арасында тартысты күресте №48 мектеп-лицейінің жас құтқарушылары жеңіске жетті. №59 мектеп-лицейінің командасы жүлделі екінші орынды және №82 «Дарын» мектеп-лицейдің жас құтқарушылары үшінші орынды иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен, медальдармен, кубоктармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

-->