Елорда жаңалықтары

Елордадағы жаңа қоғамдық кеңістікте 2 мыңнан аса жасыл желек отырғызылады

С.Рахимов-Ш.Уәлиханов көшелерінің қиылысындағы жаңа қоғамдық кеңістікте ағаш отырғызу жұмыстары басталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, аталған кеңістікте 2 мыңнан аса жасыл желек отырғызу жоспарлануда.

Мәселен, ағаштардың: жалпақ жапырақты қарағаш, күл жапырақты үйеңкі, қарағай түрлері отырғызылса, бұталардың: Венгр сиреньі, ұсақ жапырақты қарағаш, қарағай, татар үйеңкілері отырғызылады.

Бүгінгі күні аталған учаскеде абаттандыру жұмыстары жалғасуда.