Елорда жаңалықтары

Елордадағы үздік колледжді анықтау бойынша комиссия отырысы өтті

Бұл туралы Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info.

-->

Бұл туралы Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info.

Елордадағы Үздік колледжді анықтау бойынша комиссия өткіздік.  Конкурс 2018 жылдан бастап Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген “Үздік колледж жеңімпазын анықтау” ережелеріне сәйкес өткізіледі. Бұл байқау колледж педагогтері мен басшыларының кәсіби және жеке өсуін ынталандыруға мүмкіндік береді.   
Комиссия құрамына білім беру саласының сапасын бақылау департаменті, Қоғамдық кеңестің «Талап» КеАҚ және кәсіпкерлер палатысының өкілдері кірді. Қазіргі уақытта қалада 9 мемлекеттік колледж жұмыс істейді. Байқауға 6 колледж қатысып, қорытынды бойынша “Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі” ең жоғары балл жинады. Бұл мекеме барлық критерийлерге сәйкес келді, яғни: 

  • қызмет көрсету сапасы жоғары деңгейде 

    кәсіби кадрлар (ведомстволық озат белгісімен және мемлекеттік наградалармен марапатталған қызметерлердің үлесі) 
     
  • бизнес-қоғамдастықпен өзара әрекеттесу және бастысы, білім алушылардың контингенті (халықаралық, республикалық, облыстық және қалалық деңгейлердегі іс-шараларда жүлделі орындарды алған студенттердің үлесі)  

Соңғы жылдары конкурсқа қатысушылар арасында көрсеткіштердің жақсарғаны байқалады:

  • материалдық-техникалық базасының жақсарғаны, жаңа шеберханалар мен зертханалардың ашылуы 

    студенттер мен педагогтердің республикалық және қалалық іс-шараларға белсенді қатысуы (оның ішінде WorldSkills) 
     
  • дуальды оқыту нәтижелерін жақсартуы.  

Кездесу барысында қаладағы колледжердің мәселелерін де талқыладық: жастарды қоғамға әлеуметтендіру, оларды жұмысқа тұрғызу. Кей айтылған сұрақтардың шешімін басталғалы тұрған «Joltap» жобасының көмегімен табуға болады. Бұл жоба туралы тағы нақтырақ жазатын боламын, - деп жазды Есет Байкен.