Елордадағы су тапшылығы неден пайда болды
«Тағы бір мәселе – су қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұл – стратегиялық маңызы бар міндет. Алдағы уақытта су мәселесі ушығып кетуі мүмкін. Сол себепті бізге оның алдын алу қажет. Қазір Үкімет Су кодексінің жаңа жобасын әзірлеп жатыр. Су ресурстарын тиімді басқаруға және оларды қорғауға баса назар аудару керек. Осы жұмыста ғылыми ұстанымды, инновацияны, халықаралық озық тәжірибені басшылыққа алған абзал» деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде. Демек, алдағы уақытта елімізде су тапшылығы мәселесі ең бірінші орынға шығады. Халықаралық сарапшылардың болжамы бойынша 2040 жылға қарай Қазақстанда су тапшылығы 80 пайызға дейін жетуі мүмкін. Әрине, бұл әлі болашаққа жасалған болжамдар ғана. Біз әуелі бүгінгі таңдағы Астанадағы су тапшылығына қатысты бір ғана мәселеге тереңірек үңілуді жөн көрдік, деп жазады Elorda.info.
«Суды үнемдеңдер, халайық!»
«Суға жарымаймыз» деген ой астаналықтардың үш ұйықтаса да түсіне кірмеген. Ай мен күннің аманында жуынбақ түгілі, қол жуатын суға зар болып қалған тұрғындар бар. Сұрауы бар судың мәселесі 22-23 наурызда басталды. 28 наурызда «Астана су арнасы» компаниясы жұртқа: «Қала халқының өсуіне және елорданың қарқынды дамуына байланысты ауызсу өндіру бойынша жобалық қуаттардың тапшылығы байқалады. Қазіргі уақытта компания су қысымын реттеу бойынша мынадай іс-шаралар қабылдауға мәжбүр:
04:30-дан 09:30-ға дейін су қысымы жоғары болады,
09:30-дан 12:00-ге дейін төмен қысымда
12:00-ден 14:00-ге дейін жоғары қысымда
14:00-ден 18:00-ге дейін төмен қысымда
18:00-ден 00:00-ге дейін жоғары қысымда
00:00-ден 04:30-ға дейін төмен қысымда.
Бұл іс-шаралар биылғы жазда қуаттылығы тәулігіне 105 мың текше метр суды құрайтын жаңа сорғы-сүзгі станциясы іске қосылғанға дейін іске асырылады. Барлық тұтынушылардан үйге келетін судың сапасы мен мөлшеріне теріс әсерін азайту үшін суды тиімді пайдалануын сұраймыз» деген хабарлама таратты. Қош делік.
Тәулігіне қанша су тапшы?
Қазір елордада судың тапшылығы тәулігіне 30 мың текше метрді құрайды. Қалада әр тәулік сайын 303 мың текше метр су соратын екі сорғыш-сүзгіш станса бар. Астана су қоймасынан су соратын сорғының қуаты – тәулігіне 410 мың текше метр, сүзгіш стансаның қуаты – тәулігіне 305 мың текше метр. Сондай-ақ бір тәулікте 105 мың текше метр су сорып-жинайтын қосымша резерв те бар. Алайда бұл қуаттардың барлығы 1,5 млн халқы бар қаланы толық қамтамасыз ете алмай отыр.
Қала басшылығы да бұл мәселені назардан тыс қалдырған емес. Жақында кәсіпкерлермен кездесуден кейін журналистердің сұрағына жауап берген Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек мәселенің мәнісін былай түсіндірді:
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Сумен қамтамасыз ету және су тарту басқармасының басшысы Нұрсұлтан Керімқұлов қуаты 105 мың текше метрлік №3 сорғыш-сүзгіш стансаның құрылысына жалпы сомасы 60 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінгенін айтады.
Суды қайдан алуға болады?
Құзырлы министрлік пен қала басшылығы жазда тапсырылатын станса мәселені толық шешеді деп сендіріп отыр. Әрине, қалай боларын уақыт көрсетер. Ал «Астана» халықаралық ғылыми кешенінің су қауіпсіздігі орталығының директоры Әсет Қалиев бас қаланы сумен қамтамасыз ету мәселесін қаражат арқылы тездетіп шешуге болатынын айтады.
Оның айтуынша, қала халқының саны өскен сайын су тапшылығы ұлғая береді.
Сарапшы бүгінгі жағдайдың ауызсудың сапасына кері әсерін тигізетінін жоққа шығармайды.
Бас жоспардан ауытқу бар
Парламенттің жаңа сессиясы ашылған күні Мәжіліске келген Премьер-министрдің орынбасары, бұрын елорда әкімі болған Алтай Көлгіновтен де журналистер су тапшылығына қатысты сауалдың жауабын естігісі келген еді.
Алтай Көлгінов су соратын стансаның осыдан 10-15 жыл бұрын салынуы қажеттігін айтты.
Ал тәуелсіз сарапшылар бұл мәселенің неліктен күн тәртібіне бүгін шығып, ушығып кеткеніне елорданың бас жоспарына салғырттықпен қараған әкімдер кінәлі екенін айтады.
«Астана» халықаралық ғылыми кешенінің су қауіпсіздігі орталығының директоры Әсет Қалиев Астанадағы қала салуды жоспарлау ісі екі аяғынан бірдей ақсап тұрғанына нақты мысалдар келтірді.
Қазақстан экологтар қауымдастығының төрағасы Лаура Маликова елордадағы су тапшылығына көптеген мысал келтіреді.
Төлен ТІЛЕУБАЙ
-->«Тағы бір мәселе – су қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұл – стратегиялық маңызы бар міндет. Алдағы уақытта су мәселесі ушығып кетуі мүмкін. Сол себепті бізге оның алдын алу қажет. Қазір Үкімет Су кодексінің жаңа жобасын әзірлеп жатыр. Су ресурстарын тиімді басқаруға және оларды қорғауға баса назар аудару керек. Осы жұмыста ғылыми ұстанымды, инновацияны, халықаралық озық тәжірибені басшылыққа алған абзал» деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде. Демек, алдағы уақытта елімізде су тапшылығы мәселесі ең бірінші орынға шығады. Халықаралық сарапшылардың болжамы бойынша 2040 жылға қарай Қазақстанда су тапшылығы 80 пайызға дейін жетуі мүмкін. Әрине, бұл әлі болашаққа жасалған болжамдар ғана. Біз әуелі бүгінгі таңдағы Астанадағы су тапшылығына қатысты бір ғана мәселеге тереңірек үңілуді жөн көрдік, деп жазады Elorda.info.
«Суды үнемдеңдер, халайық!»
«Суға жарымаймыз» деген ой астаналықтардың үш ұйықтаса да түсіне кірмеген. Ай мен күннің аманында жуынбақ түгілі, қол жуатын суға зар болып қалған тұрғындар бар. Сұрауы бар судың мәселесі 22-23 наурызда басталды. 28 наурызда «Астана су арнасы» компаниясы жұртқа: «Қала халқының өсуіне және елорданың қарқынды дамуына байланысты ауызсу өндіру бойынша жобалық қуаттардың тапшылығы байқалады. Қазіргі уақытта компания су қысымын реттеу бойынша мынадай іс-шаралар қабылдауға мәжбүр:
04:30-дан 09:30-ға дейін су қысымы жоғары болады,
09:30-дан 12:00-ге дейін төмен қысымда
12:00-ден 14:00-ге дейін жоғары қысымда
14:00-ден 18:00-ге дейін төмен қысымда
18:00-ден 00:00-ге дейін жоғары қысымда
00:00-ден 04:30-ға дейін төмен қысымда.
Бұл іс-шаралар биылғы жазда қуаттылығы тәулігіне 105 мың текше метр суды құрайтын жаңа сорғы-сүзгі станциясы іске қосылғанға дейін іске асырылады. Барлық тұтынушылардан үйге келетін судың сапасы мен мөлшеріне теріс әсерін азайту үшін суды тиімді пайдалануын сұраймыз» деген хабарлама таратты. Қош делік.
Тәулігіне қанша су тапшы?
Қазір елордада судың тапшылығы тәулігіне 30 мың текше метрді құрайды. Қалада әр тәулік сайын 303 мың текше метр су соратын екі сорғыш-сүзгіш станса бар. Астана су қоймасынан су соратын сорғының қуаты – тәулігіне 410 мың текше метр, сүзгіш стансаның қуаты – тәулігіне 305 мың текше метр. Сондай-ақ бір тәулікте 105 мың текше метр су сорып-жинайтын қосымша резерв те бар. Алайда бұл қуаттардың барлығы 1,5 млн халқы бар қаланы толық қамтамасыз ете алмай отыр.
Қала басшылығы да бұл мәселені назардан тыс қалдырған емес. Жақында кәсіпкерлермен кездесуден кейін журналистердің сұрағына жауап берген Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек мәселенің мәнісін былай түсіндірді:
Қаланың өсу қарқыны, әсіресе, соңғы 2-3 жылда айтарлықтай күрделі болып отыр. Қала тұрғындарының саны, әсіресе, құрылыс қарқын алған кезеңде 1,5 миллион адамға жетеді. Қалада 1,3 миллион халық ресми тіркелген, жыл сайынғы өсім – 70-80 мың адам. Демек, инженерлік инфрақұрылым да тұрақтамайды. Бұл мәселені үшінші сорғы-сүзгі станцияның құрылысы тамыз айында толығымен аяқталғанда шешеміз. Бірінші кезең мамыр айының соңы - маусым айының басында аяқталады. Ол кезде қаланы қосымша сағатына шамамен 100 мың текше метр сумен қамтамасыз етеміз. Қазір тапшылық шамамен 30 мың текше метрді құрайды. Сондықтан бұл станция бізге су тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Алдағы бірнеше жылда біз осыған ұқсас төртінші станцияның құрылысын бастауды жоспарлап отырмыз.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Сумен қамтамасыз ету және су тарту басқармасының басшысы Нұрсұлтан Керімқұлов қуаты 105 мың текше метрлік №3 сорғыш-сүзгіш стансаның құрылысына жалпы сомасы 60 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінгенін айтады.
Бұл жоба алдағы 5 жылда елордадағы судың тапшылығын болдырмауға мүмкіндік береді. Одан кейінгі уақытта су мәселесі алаңдатпас үшін қала әкімдігі №4 су сорғыш-сүзгіш станциясының құрылысын жобалауды қарастыруда. Бұған қоса, өз тарапымыздан Астана су қоймасынан су тасымалдайтын жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Ол – құны 52 млрд теңге тұратын су жеткізу нысанын қаржыландыру. Міне, осы екі жобаны іске асырсақ, елордадағы су тапшылығы мәселесі толықтай шешіледі, - дейді ол.
Суды қайдан алуға болады?
Құзырлы министрлік пен қала басшылығы жазда тапсырылатын станса мәселені толық шешеді деп сендіріп отыр. Әрине, қалай боларын уақыт көрсетер. Ал «Астана» халықаралық ғылыми кешенінің су қауіпсіздігі орталығының директоры Әсет Қалиев бас қаланы сумен қамтамасыз ету мәселесін қаражат арқылы тездетіп шешуге болатынын айтады.
Ол үшін Қаныш Сәтпаев каналы арқылы Ертістің суын елордаға бұруға мүмкіндік бар. Үкімет су қауіпсіздігі мәселесін алдын ала ойластырып, осындай қадамға барса, құба-құп болар еді, - дейді сарапшы.
Оның айтуынша, қала халқының саны өскен сайын су тапшылығы ұлғая береді.
Елордада су тапшылығы болатынын біз 2004 жылдан бастап айта бастадық. Сол уақытты бұл мәселені Премьер-министрдің орынбасарына дейін барып, баяндадық. Мәселені оң шешудің түрлі жолдарын ұсындық. Одан бері бір шешімге келіп, техникалық-экономикалық негіздемесін жасап, жаңа жобаны жүзеге асыруға болар еді. Алайда, бәрі кейінге қалдырылып келді. Ал қазір мәселе «күйіп» тұр, бірақ балама болатын жоспар жоқ, - дейді Ә. Қалиев.
Сарапшы бүгінгі жағдайдың ауызсудың сапасына кері әсерін тигізетінін жоққа шығармайды.
Қазір әрбір үйде су сүзетін автоматтар, сүзгілер бар. Демек шүмектен ағып тұрған су – сапасыз деген сөз. Ал бүгінгі судың қысымы төмендеген жағдайда судың сапасы да нашарлайды. Су жүретін құбырларды жөндеуге қаражат бөлінбейді. Менің білуімше, осыдан 23 жыл бұрын астананың су жүретін құбырлары мен желілері 50 пайызға дейін жөнделді. 23 жылда ол да тозды. Қазір көпқабатты үйлер салынып жатыр. Оған жақын тұрған үйлерге су келмей қалады. Түсінікті нәрсе. Ал қаланың ескі бөлігіндегі үйлерде қалыпты жағдай. Өйткені су өткізетін көлем өзгерген жоқ. Яғни, көпқабатты жаңа үйлердің тұрғындарына қуануға ертерек сияқты. Мысалы, «Бухарест», «Қаратау» тұрғын үй кешендерінде сумен қамтамасыз ету және канализация тартуда кемшілік жетерлік. Тұрғындары қанша шағымданса да, әкімдік ештеңе істей алмайды. Құрылыс компаниясы әдемі үйлерін салып, оны сатып, өз пайдасын көрді. Ал пәтер сатып алған адамдар сусыз қалай өмір сүреді? - деп түсіндіреді мәселенің астарын Әсет Қалиев.
Бас жоспардан ауытқу бар
Парламенттің жаңа сессиясы ашылған күні Мәжіліске келген Премьер-министрдің орынбасары, бұрын елорда әкімі болған Алтай Көлгіновтен де журналистер су тапшылығына қатысты сауалдың жауабын естігісі келген еді.
Су мәселесіне қатысты айтарым, 2020 жылы індет жайлады. Бірақ соған қарамастан бір жыл бойы су тазалайтын станция салуды жобаладық. 2021 жылы оның құрылысы басталды, міне, биыл жазда салып бітіреді. Станция пайдалануға берілгенде елорда судан ешқандай да тарықпайды, - деп жауап қатты ол.
Алтай Көлгінов су соратын стансаның осыдан 10-15 жыл бұрын салынуы қажеттігін айтты.
Бес жыл өткен соң, бұл жаңа станция да елорданы сумен толық қамтамасыз ете алмайды. Сол себептен, төртінші нысанды салуға кірісу керек, - деген ойын жеткізді вице-премьер.
Ал тәуелсіз сарапшылар бұл мәселенің неліктен күн тәртібіне бүгін шығып, ушығып кеткеніне елорданың бас жоспарына салғырттықпен қараған әкімдер кінәлі екенін айтады.
«Астана» халықаралық ғылыми кешенінің су қауіпсіздігі орталығының директоры Әсет Қалиев Астанадағы қала салуды жоспарлау ісі екі аяғынан бірдей ақсап тұрғанына нақты мысалдар келтірді.
Бұрындары астананың бас жоспары қағаз жүзінде ғана болды. Өкінішке қарай, әкімдік құрылыс компанияларының айтқанымен жүрді! Сол себептен бас жоспар бұзылып, қалада үйлер тығыз салынып, суды оңды-солды жұмсай бастады. Тіпті, бұрын салынған шағын аудандарға да жаңадан үйлер салып, инженерлік желілерді бұзды. Мысалы, 16 қабатты үй салғанда қуатты су сорғыш орнатады. Ол суды 16-қабатқа дейін жылдам жеткізгенімен, осы құрылысқа жақын орналасқан 5 қабатты үйлерге су бармайды я болмаса қысымы азаяды. Қазір қаладағы 16 шағын аудан осы «точечный» құрылыстан зардап шегіп отыр. Мұның бәрі – соңғы 5-6 жылда болған жағдай. Халық саны өскен сайын, осы желілерге күш түсіп жатыр, - дейді ол.
Қазақстан экологтар қауымдастығының төрағасы Лаура Маликова елордадағы су тапшылығына көптеген мысал келтіреді.
Елордада су тапшылығының орын алуына ең алдымен қаланың бас жоспарындағы талаптарды орындамау себеп болып отыр. Мысалы, кіші Талдыкөлдің төңірегіндегі жағдайға қарайықшы. Бас жоспар бойынша бұл көлді сақтап қалуымыз керек еді. Бас жоспарды қаперіне де алмағандар экологиялық қауіп туғызып қана қоймай, су тапшылығын ушықтырды. Әрине, оған бірінші жауапты адам – қала басшылығы. Бір өкініштісі, бізде басшылар ешқандай жауапкершілікті сезінбейді, - дейді Л. Маликова.
Төлен ТІЛЕУБАЙ