Елордадағы Қорғалжын тас жолының учаскесі ішінара жабылады
Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Тұран даңғылына жақындағанда Қорғалжын тас жолының оң жағындағы жол төсемін жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілетінін мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
«Осыған байланысты 14-15 қыркүйек аралығында жоғарыда аталған учаске ішінара жабылады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы қоса берілген схемаға сәйкес ұйымдастырылады», - делінген хабарламада.
Басқарма елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.