Елорда жаңалықтары

Елордадағы ұлттық музейде жаңа залдар ашылды

Астанадағы Ұлттық музейде жаңа залдар ашылды, деп хабарлады Elorda.info.

Олар – «Қолөнершілер орталығы» және «Палеонтология». Бірінші экспозицияның өзі 2 бөлімнен тұрады: «Кәдесый мен имидждік өнімдер» бөлімі және заманауи шеберлердің қолынан шыққан «Сәндік-қолданбалы өнер туындылары». Ал палеонтологиялық залда Қазақстан аумағын геологиялық дәуірде мекендеген омыртқалы тіршілік иелерінің әлемі көрсетілген.

Жаңа жәдігерлерді көруге келіп жатқандардың қарасы көп.

Ұлттық музейдегі «Палеонтология» залында тираннозавр, үш саусақты гиппарион жылқысы, үлкен мүйізді бұғы және мамонт сияқты ежелгі дәуірлерде тіршілік еткен жануарлардың қаңқасы жинақталған.

1912 жылы Торғай өлкесінен алғаш рет алып мүйізтұмсықтың сүйегі табылып, ғалымдар оған «индрикотерий» деген атау берген болатын. Бірақ көптің қызығушылығын тудыратын динозавр – Тирекс. Тираннозаврдың қаңқасы Қызылорда облысы аумағынан табылды. Біздің заманымызға дейін 65 млн жыл бұрынғы жыртқыш сүйегінің көшірмесі таныстырылды.

Зал экспозициясы Франция, АҚШ, Ұлыбритания және Германиядағы алдыңғы қатарлы музейлердің тәжірибесіне негізделген. Келушілердің назарына жалпы 200-ден астам жәдігер ұсынылды. Оқушылар мен студенттерге арналған квест-ойындар да бар.

-->

Палеонтология залында ұсынылған жәдігерлердің барлығы Қазақстан аумағынан анықталды. Басым бөлігі Маңғыстау, Батыс Қазақстан, оңтүстік-шығыс, шығыс, солтүстік-шығыс Қазақстаннан анықталды. Зал экспозициясы палеозой дәуірінен бастау алады. 538 млн жыл бұрын тіршілік иелерінің тарихымен таныстырады. Палеозой, мезозой және кайнозой дәуірлерімен мерзімделетін жәдігерлер ұсынылған, - деді Ұлттық музейдің экскурсия жетекшіісі Әйгерім Жұмағұлова.