Елорда жаңалықтары

Елордадағы Kaspi bank бөлімшесіне шабуыл жасаған азаматқа үкім шықты

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Kaspi bank бөлімшесіне шабуыл жасаған азаматқа үкім шығарды, деп хабарлады Elorda.info қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сотта прокурор айыпты қолдап, 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. 

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

-->

Сотталушы М. кәдесый тапаншасын сатып алып, қолдан жасалған құралдардан жарылғыш құрылғының муляжын жасаған. Содан кейін ол Kaspi bank бөлімшеcіне барып, аталған құрылғылармен қорқытып, қызметкерлерді кепілге алған, - деп жазылған хабарламада.

Сотта прокурор айыпты қолдап, 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. 

Сотталушының кінәсі:

 - оның мойындау айғақтарымен;

 - жәбірленушілер мен куәлардың айғақтарымен;

 - банк камераларына түсірілген бейнежазбалармен;

 - сот сараптамаларының қорытындылары және істің басқа да материалдарымен дәлелденді, - деп жазылған хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Сот жаза тағайындау кезінде кінәні мойындауды, шын жүректен өкінуді және тергеу органдарына жәрдемдесуді жеңілдететін мән-жай ретінде ескерді.Осы баптың санкциясы 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.Сот үкімімен М. кінәлі деп танылып, 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ, - деп жазылған хабарламада.