Елорда жаңалықтары

Елордадағы «Достық» бағы балалардың қуанышты күлкісіне бөленді

Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов Үкімет балаларға әрдайым қолдау көрсете беретінін айтты, деп хабарлады Elorda.info

алтай.jpg

Бүгін елордадағы «Достық» бағы балалардың қуанышты күлкісіне бөленді. Бүлдіршіндерге осынау көңіл күйді «Бақытты шаңырақ» қоғамдық қоры мен Алматы ауданы әкімі аппараты сыйлады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, көлемді іс-шараға қордың қанатының астындағы ерекше баласы бар астаналық 630 отбасы қатысты. Нақтылай түссек, 1700 бала, оның ішінде 700 мүмкіндігі шектеулі бала айтулы күннің көңілді өтуіне атсалысты. «Бар жақсылық - балаларға» емес пе, бұл мерекеден Үкімет те қалыс қалмады, балдырғандарды мерекесімен құттықтау үшін Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов арнайы келді. 

алтай1.jpg

Алтай Сейдірұлы, сондай-ақ, бұл тарапта Үкіметте жасалып жатқан кешенді іс-шараларға тоқталды.

алтау.jpg

Премьер-министрдің орынбасары, сондай-ақ, осы бағытта жұмыла жұмыс істеп жүрген, бүгінгі іс-шараны ұйымдастырып отырған «Бақытты шаңырақ» қоғамдық қорына ризашылығын білдіріп, игілікті істеріне Үкімет әрқашан қолдау білдіретінін айтты. 

Өз кезегінде «Бақытты шаңырақ» қоғамдық қорының төрағасы Ботагөз Сұлтанова да жазғы баққа жиналған мерекелеушілерді құттықтап, бүгінгі іс-шараның барысымен таныстырып өтті.

іуң.jpg

Жиналғандар сахна төрінен елімізге белгілі әнші Фарида Жолдасованың «Қуыршағым менің», ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Арайлым Рахымқызының ән-шашуларын тыңдап, көңілдерін тағы бір серпілтіп алған соң, спорт алаңында ерекше туған балалар Мөлдір Жантөре, Нұрхаят Мағауияның өнерлерін тамашалады. Олардың әніне тәнті болған Премьер-министрдің орынбасары тарту-таралғы тапсырып, тілегін айтты. 

Мереке балалардың шығармашылық шеберлік сағаттары, спорттық эстафеталар және интеллектуалды ойындармен жалғасын тапты. Ал ел тізгінін ұстаған азаматтар мен қор төрағасы көк желектің астындағы көлеңкеде еркін форматта қордың түйіні тарқатылмай тұрған түйткілдері мен оны шешу жолдары жайлы кеңесті. 

Салтанат МҰРАТҚЫЗЫ

-->

Баршаңызды бүгінгі мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы балалардың оқуына, дамуына, олардың құқығының қорғалуына тиісті мемлекеттік қолдау жасауға аса көңіл бөлініп отыр. Бүгін де Президентіміз барша отбасыларды, балаларды мерекесімен құттықтады, - деді ол. 

Алтай Сейдірұлы, сондай-ақ, бұл тарапта Үкіметте жасалып жатқан кешенді іс-шараларға тоқталды.

алтау.jpg

Биыл Президенттің тапсырмасына сәйкес 1-4 сыныптың барлық оқушыларына, яғни 1,5 млн оқушыға мектептерде тегін ыстық тамақ берілетін болады. Жыл сайын 500 мыңға жуық аз қамтылған отбасы балаларына біз мемлекеттен оқу киімін алып береміз. Бұл да жақсы қолдау. Ерекше қолдауды қажет ететін балаларға да мемлекеттен жыл сайын үлкен көмек көрсетіліп келеді. Мәселен, инклюзивтік оқу, оңалту мәселелері қолға алынды, оған мемлекеттік орган, әкімдіктер көмектерін көрсетіп жатыр, - деді ол. 