Елордадағы автобус апаты: Алуа Бекен ауруханадан шықты
Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Барлық зардап шеккен жолаушыларға шұғыл медициналық көмек көрсетілді. Бүгін 7 жасар қыз стационардан шығарылды. Медициналық көмектің бәрі толық көлемде көрсетілді. Оның өмірін сақтап қалу үшін екі аяғын ампутациялауға тура келді»,- деді Тимур Мұратов.
Ол әрі қарай Егіндікөл аудандық емханасында оңалту шаралары жүргізілетінін айтты.
«Қыз бала Ақмола облысының Егіндікөл аудандық емханасына тіркелген. Бүгінде аталған емхана арнайы оңалту бағдарламасын әзірлеп жатыр. Отадан кейінгі жағдайы жақсы болған соң, біз баланы оңалтумен толықтай айналысамыз»,- деді ол.
Астана қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бұл ақпаратты растады. Бүгінде Алуа Бекеннің жағдайы тұрақты.