Елорда жаңалықтары

Елордадағы Ардагерлер көшесінде жол жөндеу жұмыстары басталды

Астанадағы Алмалық көшесінен Ардагерлер көшесіне дейінгі учаскеде жол өндеу жұмыстары басталды. Бұл туралы қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Астана қаласының ПД әкімшілік полиция басқармасымен келісу бойынша Алмалық көшесінен Ардагерлер көшесіне дейінгі учаскеде Ардагерлер көшесіндегі жол төсемін орташа жөндеу жұмыстарының басталғаны туралы хабарлайды.

Осыған байланысты осы жылдың 5-15 сәуір аралығында жоғарыда аталған учаске бойынша автокөлік құралдары үшін қозғалыс жабылатын болады, - делінген басқарманың хабарламасында.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс болдырмас үшін өз бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет.

-->