Елорда жаңалықтары

Елордадағы №7 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 20 спорт түрі дамып келеді

Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында жасөспірімдер спорт мектебінің жетістіктері туралы Астана қаласы әкімдігінің №7 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы Серік Халелов брифинг өткізді, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл спорт мектебінің негізгі міндеті – оқушыларды дене шынықтырумен және спортпен жүйелі шұғылдануға тарту, олардың белгілі бір спорт түріне қабілетін анықтау. Сонымен қатар әлемдік додаларға қатысатын жасөспірімдерді тәрбиелеу, оған қоса, спорт резервін қалалық және республикалық құрама командаларға үміткерлер даярлауды қамтамасыз ету және спорт мектептерінде жоғары дәрежелі спортшыларды дайындау. 

врв.jpg

Спикердің айтуынша, бүгінгі күні  №7 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 20 спорт түрі дамып келеді, оның ішінде:

-2 олимпиадалық спорт түрлері –  таеквондо бөлімі, құзға өрмелеу бөлімі.

-14 олимпиадалық емес спорт түрлері – самбо, каратэ-до бөлімі, муайтай, киокушинкайкан каратэ, каратэ шинкиокушинкай, джиу-джитсу, белбеу күресі, грэпплинг, кикбоксинг, панкратион, гір тасын көтеру, қол күресі, сомдалу, спорттық туризм.

-Және 4 ұлттық спорт түрлері - қазақ күресі, асық ату, саятшылық, жаңадан ашылған спорт түрі - тоғызқұмалақ бар. 

-7 мамандандырылған бөлім, атап айтсақ: каратэ-до, таеквондо, қазақ күресі, самбо, джиу-джитсу, кикбоксинг, киокушинкай-кан каратэ бар. 

лол1.jpg

Серік Халеловтің айтуынша, 2022-2023 оқу жылында мектеп спортшылары республикалық жарыстарда 19 алтын, 23 күміс және 28 қола медаль жеңіп алса, халықаралық турнирлерде 5 алтын және 3 қолаға қол жеткізген. Мысалы, Стамбұлда өткен халықаралық Turkish open G-1 және President Cup турнирлерінде таеквондошылар жеңіс тұғырынан көрінген. 

21-27 ақпан аралығында Біріккен Араб Әмірліктеріннің Фуджейра қаласында өткен Karate Youth League каратэ WKF-тен халықаралық іріктеу чемпионатында Мақсат Аймерде, Ценгель Николь және Алдаберген Перизат алтын жеңіп алған. 

-->

Мектепке іріктеу - жыл сайын 20 тамыз айының аяғымен 1 қырқүйекке дейін өткізіледі. Спорт түрлеріне байланысты әр түрлі жастағы балаларды қабылдайды. Ол үшін спорт түрлері бойынша белгіленген норматив тапсыру қажет.  Спорт мектебіне жалпы білім беретін мектептер мен басқа да оқу орындарының оқушылары қабылданады. 027 нысандағы баланың медициналық картасы қажет. 

2022 жылдың қорытындысына сәйкес мектепте 7 жаспен 23 жас аралығында - 2 000 спортшы қамтылса, оның ішінде спорт шеберіне үміткерлер - 223 спортшы, спорт шеберлер - 36 спортшы, ал халықаралық дәрежедегі үш спорт шебері бар. Мектебімізде 4 Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, 17 жоғары санатты жаттықтырушы, 5 бірінші санатты жаттықтырушы және 13 екінші санатты жаттықтырушы жұмыс істейді, - деді спорт метебінің директоры. 

лол1.jpg

Серік Халеловтің айтуынша, 2022-2023 оқу жылында мектеп спортшылары республикалық жарыстарда 19 алтын, 23 күміс және 28 қола медаль жеңіп алса, халықаралық турнирлерде 5 алтын және 3 қолаға қол жеткізген. Мысалы, Стамбұлда өткен халықаралық Turkish open G-1 және President Cup турнирлерінде таеквондошылар жеңіс тұғырынан көрінген. 

21-27 ақпан аралығында Біріккен Араб Әмірліктеріннің Фуджейра қаласында өткен Karate Youth League каратэ WKF-тен халықаралық іріктеу чемпионатында Мақсат Аймерде, Ценгель Николь және Алдаберген Перизат алтын жеңіп алған. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы барлық жас санаты арасында бұқаралық спорт түрлерін насихаттай беру қажеттігін атап өткен болатын. Осыған орай, №7 спорт мектебінің Астана қаласының шет аймақтарында бұқаралық спортты дамыту мақсатында, спорттық залдар мен кешендері бар.

Жалпы білім беру орталығындағы залдарда С. Сефуллин атындағы Қазақ АТУ,  56 мектеп-лицейі, 28 мектеп-лицейі, № 24 орта мектеп, № 32 мектеп-гиназиясы, Софиевка ауылында, 28 аулалық клубтарында  және «Астана Арена», Велотрек «Сарыарқа», Оқушылар сарайы, «Астана спорт кешені», спорттық залдарында спортшылар шұғылдануда, - деді спорт мектебінің директоры.