Елордада вандализм бойынша спортшыларға түсіндірме жұмысы жүргізілді
Астанадағы «Алатау» спорт кешенінде жекпе-жек ММА спорт түрінен аға жаттықтырушы, білікті маман Василий Тахтай кешкі жаттығу барысында спортшыларға қоғамдық тәртіпті бұзудың алдын алу шаралары туралы түсіндірме жұмысын өткізді, деп хабарлады Elorda.info.
Білікті жаттықтырушы өз кезегінде шәкірттеріне өзін-өзі қорғау, өзгеге қиын сәтте жәрдем беру, қай кезде адамдарға күш қолдануға болатынын, ал қай кезде болмайтынын да атап өтті.
Жас спортшылар жаттығу аясында елордадағы вандализм фактілерін, құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары мен жазаларын талқылады.
Жаттықтырушы өз сөзінде алдағы уақытта да мұндай кездесулерді жиі өткізетінін алға тартты.
Айта кетейік, жыл басынан бері Астанада еріктілер, белсенділер, танымал спортшылар, қала тұрғындары қолдау білдірген «Тоқта, вандал» акциясы өтіп жатыр.
Акция аясында қала бойынша күндізгі және түнгі рейдтер өткізіледі, халық арасында қоғамдық тәртіпті сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмысы жүргізіледі.
-->Білікті жаттықтырушы өз кезегінде шәкірттеріне өзін-өзі қорғау, өзгеге қиын сәтте жәрдем беру, қай кезде адамдарға күш қолдануға болатынын, ал қай кезде болмайтынын да атап өтті.