Елорда жаңалықтары

Елордада вандалдармен күрес жүріп жатыр

Астанада қоғамдық орындардағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған «Тоқта, вандал» акциясы өткізіліп жатыр, деп хабарлады Elorda.info қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада ұсақ құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» қағидатын іске асыру шеңберінде ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша «ұсақ бұзақылық» бойынша 555 хаттама жасалды. Оның ішінде қоғамдық орындарда балағат сөздер айтқаны, жеке тұлғаларды қорлағаны, ғимараттарды, өзге де құрылыстарды, тұрғын үй-жайларды, ортақ пайдалану орындарын, көліктегі мүлікті және басқа да мүлікті бүлдіргені, қоғамдық орындарда өзгелерді құрметтемегені, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзғаны үшін толтырылған хаттамалар бар.

Қалада белгілі қоғам қайраткерлері құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен және еріктілермен бірлесіп «Тоқта, вандал» акциясы аясында аудандар бойынша тұрақты негізде түнгі рейдтер өткізеді.

-->

16 тамызда түнгі уақытта ер адам Риксос қонақ үйіндегі пабтардың бірінде құны жарты миллион теңгеден асатын есікті сындырды. Тәртіп сақшылары оны ұстау және жауапқа тарту бойынша жедел шаралар қабылдады. Сот оған 48 300 теңге көлемінде айыппұл салу туралы үкім шығарды, - деп жазылған хабарламада.