Елордада тыныштықты бұзған 6 мыңға жуық тұрғын жауапқа тартылды
Астаналық сақшылар жыл басынан бері түнгі уақытта тыныштықты бұзудың 6 мыңға жуық дерегін анықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бұл фактілер азаматтардың тыныштығын сақтау және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан белсенді жұмыс барысында анықталды.
«Қала тұрғындары, әсіресе демалыс күндері, пәтерлерде жүргізілетін жөндеу жұмыстарына шағымданады. Осыған орай полиция қызметкерлері тұрғындардың арыздарын ескере отырып, жағдайды бақылауға алып, тиісті шараларды қабылдауда», - делінген хабарламада.
Жуырда сақшылар пәтерінде жөндеу жұмыстарын жүргізген пәтер иесіне қатысты әкімшілік хаттама толтырды. Тыныштықты бұзған тұрғынға заң шеңберінде тиісті жазалау шаралары қолданылды.
Полиция қала тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық тәртіпті бұзбауға, тыныштықты сақтауға шақырады.