Елордада тоғызқұмалақтан турнир өтті
«AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалында тоғызқұмалақтан қалалық турнир өтті, деп хабарлады Elorda.info.
«Әл-Фараби» командасы иеленген көшпелі кубок келер жылы Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайы БПҰ ұйымдастыратын жарыс жеңімпаздарына табысталатын болады.
Жарыс ұйымдастырушыларының айтуынша, «Ұлттық мұра» жобасының мақсаты – мәдениетімізді қалыптастыру, ұлттық тәрбиені арттыру.
-->«Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында қазақтың ұлттық зияткерлік ойыны тоғызқұмалақты партияластар арасында кеңінен насихаттауды, партия мүшелері арасындағы достық пен ынтымақтастықты дамытуды мақсат еткен шарада: Астана халықаралық университеті бастауыш партия ұйымының «AIU» командасы ІІІ орынды, Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясы АҚ БПҰ-ның «КТЖ» командасы ІІ орынды, Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайы БПҰ-ның «Әл-Фараби» командасы І орынды қанжығасына байлады, - делінген «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.