Елорда жаңалықтары

Елордада «Тоқта, вандал» акциясы өтті

Бүгін елордалық Үкіметтік емес ұйым өкілдері, ардагерлер мен еріктілер бірлесіп вандализмге қарсы акция ұйымдастырды, деп хабарлады Elorda.info.

Күнделікті өмірде тұрғын үй сыртынан бастап түрлі жазулар таңбаланған қоғамдық мүліктерді жиі кездестіреміз. Мұндай әрекет елорда көшелеріне көрік беріп тұрған  өнер, мәдениет туындысы мен тарихи ескерткіштерге де қасақана жасалады. Бүгінде Қоғам мен мемлекет меншігіндегі басқа да мүліктердің сыртына таңба, сурет салу, шимайлау, лас нәрсе жағып кету әрекеті тоқтамай тұр.

WhatsApp Image 2023-08-02 at 13.00.37 (2).jpeg

«Астана Жастары» КММ-нің еріктілері «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығының алаңында вандализмге қарсы «Қаланың келбетін сақтайық!», «Бастаманы қолдайық!», «Астана – біздің ортақ үйіміз!», «Қалада вандализмге жол жоқ! Елде вандализге жол жоқ!» жазуы бар 200-ден астам постер таратты.

Науқанға қатысқан Ауған соғысының ардагері Мейрамбек Түлекбаевтың сөзінше, қазіргі таңда жастардың бос уақыты көптігінен олар көше бұзақыларына айналған.

WhatsApp Image 2023-08-02 at 13.00.38.jpeg

Астана қаласының «Чернобыль ардагерлері мен мүгедектері бірлестігі» қоғамдық ұйымының төрағасы Әдепхан Ахметов елорда тұрғындарын қаланы таза ұстауға шақырды. 

WhatsApp Image 2023-08-02 at 13.00.36.jpeg

-->

Соңғы кезде вандализм жағдайы ұшығып кетті. Ең алдымен жастарды қаламыздың көркін сақтауға шақырамын. Мемлекет ескерткіштер мен  көрнекті орындар жасау үшін көп ақша бөледі. Бірақ оларды шипайлап, бүлдіріп кету дұрыс емес. Бұл баланың тәрбиесін көрсетеді. Ата-аналар балаларына осы туралы тәрбие берсе, мұндай бұзақылар азаяды. Қазір кейбір жерлерде бейнебақылау камералары жоқ. Олардың санын арттыру арқылы да бұл дүниелерді бақылауға болады. Бұзақылық неден болады? Әрине, жастардың бос уақыты көптігінен деп айтар едім,- дейді ардагер Мейрамбек Түлекбаев.

WhatsApp Image 2023-08-02 at 13.00.38.jpeg

Астана қаласының «Чернобыль ардагерлері мен мүгедектері бірлестігі» қоғамдық ұйымының төрағасы Әдепхан Ахметов елорда тұрғындарын қаланы таза ұстауға шақырды. 

Бүгін қоғамдық істе жүрген аға буын өкілдері осы бұзақылықтың алдын алу үшін бүгінгі науқанға ат салысып жатырмыз. Астана-біздің қала. Біз оның тұрғыны ретінде таза ұстауымыз керек. Елордамыздың көрікті жерлері туристерге өте қызық. Сондықтан да оларды барынша күтіп-ұстау керек,- дейді Әдепхан Ахметов.