Елорда жаңалықтары

Елордада өткен «Бірлік керуені» іс-шарасына 200-ден астам адам қатысты

Бұл туралы Астана қаласының әкімі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Елордада 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында еліміздің 20 өңірінен 200-ден астам өкілдің қатысуымен «Бірлік керуені» іс-шарасын өткіздік», - деді әкім.

Спортшылардан, батырлардан және қоғам қайраткерлерінен құралған керуеннің шеруі өтті.

«Керуеннің басты міндеті – өңірлерден елордаға Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушылар мен елшілердің келуінен бөлек, аймақ өкілдерінің ойындардың ашылу салтанатына еліміздің киелі бастауларынан су жеткізуі. Бұл Дүниежүзілік көшпенділер ойындары тарихының ажырамас бөлігі саналады. Шеруде шығармашылық ұжымдар мен қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетті», - деді Жеңіс Қасымбек.

Сондай-ақ қала әкімі Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға сәттілік тіледі.

«Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Астанада 8-13 қыркүйек аралығында өтеді. Қатысушылардың бәріне жоғары көрсеткіш пен жеңіс тілеймін!», - деді Астана қаласының әкімі.