Елорда жаңалықтары

Елордада «Таза сенбі» экологиялық акциясы өтті

Елордада Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Республикалық студенттік құрылыс және жастар жасақтары қозғалысы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында «Таза сенбі» экологиялық акциясы өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Халқаралық жастар күніне орай ұйымдастырылған бұл акцияның басты мақсаты – қаланың экологиялық жағдайын жақсарту және тазалықты сақтау. Әрі саябақтағы ағаштарға су құйып, экологиялық ортаны абаттандыру.

Аталған акцияға «Жасыл ел» жобасы жастары және қала жастары болып, жалпы 100-ден астам адам қатысты.

Еске салайық, биыл «Жасыл ел» еңбек жасақтарының XX еңбек маусымы басталғалы бері жоба аясында елорда бойынша 4 200-ден астам 14 пен 35 жас аралығында жастар жұмыспен қамтамасыз етіліп, олар қаламыздың құрылыс нысандарына, қала маңындағы «жасыл белдеуде», әлеуметтік нысандарды, жалпы білім беретін мекемелер аумағында, қала саябақтарына, көгалдандыру жұмыстарына атсалысты.

Шапағат ӘБДІР

-->

«Бүгін қала аумағындағы ең үлкен саябақтардың бірін тазалауға атсалысқалы келіп тұрмын. Бұл мен үшін бір жағынан жұмыс болса, екінші жағынан өз қаламызды тазартуға деген оң қадам деп есептеймін. Қаладағы тазалық мәдениетін сақтау әр адамның өзінен басталады. Әркім өзінің қолындағы қоқысын, арнайы қоқыс жәшіктеріне тастаса, экологиялық ортамыздың ластанбауына қосқан үлесі болмақ. Сондықтан да өзім сияқты жастарды тазалық сақтауға, өзі тұрған аумағын күл-қоқыстан тазартып тұруға үндегім келеді. Өйткені қала да, дала да, табиғат та, ауа да барлық адамға ортақ қазына», - дейді акцияға қатысушы Айсұлтан Қосманов.