Елордада Талғат Бигелдинов ескерткішіне гүл шоқтары қойылды (ФОТО)
Жеңіс күнінде елорданың бірнеше жерінде гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Сондай орындардың бірі – ұшқыш, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов ескерткішінде болды, деп хабарлады Elorda.info.
Таңертеңнен бастап ескерткіштің жанындағы алаңда қала тұрғындары – жастар, қарттар жиналды. Олардың барлығы батырды құрметтеп, бейбіт өмір үшін алғыс айту мақсатында келді.
Гүл қою рәсімі басталғанға дейін қатысушылар соғыста қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Осыдан кейін Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Зулфухар Гаипов ескерткішке қызыл раушан себетін қойды.
Айта кетейік, гүл шоқтарын қою рәсімі бір уақытта қаланың бірнеше жерінде өтті.
Екатерина ЗУНЗЯК
-->Жеңіс күнінде елорданың бірнеше жерінде гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Сондай орындардың бірі – ұшқыш, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов ескерткішінде болды, деп хабарлады Elorda.info.
Таңертеңнен бастап ескерткіштің жанындағы алаңда қала тұрғындары – жастар, қарттар жиналды. Олардың барлығы батырды құрметтеп, бейбіт өмір үшін алғыс айту мақсатында келді.
Гүл қою рәсімі басталғанға дейін қатысушылар соғыста қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Осыдан кейін Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Зулфухар Гаипов ескерткішке қызыл раушан себетін қойды.
Бүгін – Жеңіске 78 жыл толды. Біз үшін бұл қасиетті күн. Соғысқа Қазақстаннан 1,5 миллионнан астам адам барды, олардың жартысынан көбі үйлеріне оралмады. Оның 500-ден астамы жоғары марапат – Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Бүгін біз қазақтың қайсар ұлы Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойдық. Бұл күнді ұмытпаймыз, ең бастысы, жас ұрпақ бұл оқиғаны есте сақтауы керек. Барша майдангерлерді, қазақстандықтарды мерекемен құттықтаймын. Бейбіт өмір тілеймін, ал біздің балаларымыз тек жақсы себеппен жиналсын, - деді З.Гаипов.
Айта кетейік, гүл шоқтарын қою рәсімі бір уақытта қаланың бірнеше жерінде өтті.
Екатерина ЗУНЗЯК