Елорда жаңалықтары

Елордада табиғи өртке қарсы іс-шаралар жоспары әзірленді

Астана қаласы коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Еркін Отарымғалиұлы қалада табиғи өртке қарсы іс-шаралар жоспары әзірленгенін айтты, деп хабарлады Elorda.info

Осы аптаның ішінде 1 500 шаршы метрден асатын аумақта құрғақ шөп пен қамыстың өртенуі бойынша 6 оқиға тіркелді. Өткен жылы осындай 313 жағдай тіркелген еді. Орман және дала өрттерінің алдын алу мақсатында биыл Астана аумағында табиғи өртке қарсы іс-шаралар жоспары әзірленді. Қала шекарасының периметрінде 6 бағыт бойынша жылжымалы күзет бекеттері ұйымдастырылды, - деді спикер.

Сондай-ақ ол тұрғындарды қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды:

– кез келген ашық от көзімен жұмыс істегенде сақ болыңыз

- жеке орналасқан тұрғын үй маңындағы аумақтарды уақытылы тазалап тұру керек

- табиғат аясына шыққанда сіріңкені абайлап қолданып, темекі қалдығын тастамау керек.

- балалардың сіріңке және отпен ойнауына жол бермеңіздер

- аң аулау кезінде жанатын материалдарды қолданбау қажет

- ғимараттардың жанында от және қоқыс жағуға болмайды

- табиғат аясына демалысқа шыққанда жаққан өртті толық сөндіріп кету керек. Шала сөнген от өртке әкелуі мүмкін.

- шыны ыдысты және сынған әйнекті қалдырмаңыздар. Өрт басталған жағдайда болса сумен, ағаштың бұтағымен немесе құм себу арқылы сөндіруге тырысу қажет.

-->