Елордада тағы да 12 автобустың бағдары өзгерді
«City Transportation Systems» ЖШС елордада жолаушылар тасымалдайтын 12 автобустың бағдары өзгергенін мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.
-->«City Transportation Systems» ЖШС елордада жолаушылар тасымалдайтын 12 автобустың бағдары өзгергенін мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.
Жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін, № 15, 15А, 18, 26, 35, 43, 46, 54, 56, 60, 70, 314 автобус бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді.
Өзгерген қозғалыс сызбасымен суреттен қарап таныс бола аласыздар.
Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз, - деп жазды компаниядан.