Елорда жаңалықтары

Елордада тағы бір көше жөндеу жұмысына байланысты жабылады

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы А.Герцен көшесінің Р. Дүйсенбаев көшесінен Оқжетпес көшесіне дейінгі аралығыда жол төсемінің жоғарғы қабатын салу жұмысын жүргізеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Осыған байланысты аталған учаске биыл 4 және 5 қазан күндері толығымен жабылатын болады.

«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады», - делінген хабарламада.