Елордада тағы бір көше уақытша жабылады
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы А.Пушкин көшесінен «Социум» ТК-ге апаратын жолға орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Осыған байланысты, 21-23 мамыр аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады. Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады, - делінген хабарламада.