Елордада тағы бір көше 3 күнге жабылады
Астанада жол жөндеу жұмыстарына байланысты І.Жансүгіров көшесі бойынша Абылай хан даңғылынан Ш. Құдайбердіұлы даңғылына дейінгі аралық уақытша жабылады. Бұл туралы Elordainfo.kz Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ сілтеме жасап хабарлады.
Бүгін 20:00-ден 11 қыркүйек сағат 07:00-ге дейін жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы айналып өту схемасына сәйкес іргелес көшелер бойынша ұйымдастырылатын болады.
«Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршрутын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», - делінген хабарламада.