Елорда жаңалықтары

Елордада тәртіп сақшылары қан тапсырды

Астанада тәртіп сақшылары қан тапсырды, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полицейлер барлық азаматтарды бөтеннің қайғысына бей-жай қарамауға шақырады. Қан тапсыруға Астана қаласы полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев да барды.

Қан тапсыруға қатысуға тергеушілер, анықтаушылар, жедел уәкілдер, учаскелік полиция қызметкерлері белсене қатысты. Полицей-донорлардың қатары жыл сайын артып келеді. Іс-шараға қатысқан полиция қызметкерлері, әрі қарай қоғамдық тәртіпті сақтау үшін қызметке кірісті.

-->

Қан тапсыру арқылы біз азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау жөніндегі міндеттерімізді де жүзеге асырамыз. Өйткені, жазатайым болған жағдайларда, жол-көлік оқиғалары, күрделі операциялар кезінде, сондай-ақ ауыр науқастар үшін зардап шеккендерге күн сайын қан қажет, -  деді елордалық полиция басшысы.