Елордада түрікмен ақыны Мақтымқұлының мерейтойына арналған кеш өтеді

Мақтымқұлы Фрагидің 300 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО-ның 2024-2025 жылдарға арналған мерейтойлық күндер тізбегіне енгізілген.
Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Қырғызстан Республикаларының елшілері мен Испания Корольдігінің елшілері, ҚР Парламент мәжілісінің депутаттары мен зиялы қауым өкілдері мен студенттер қатысады.
Махтумкулидің өлеңдері ақынның тек түрікмен фольклорын ғана емес, өзбек, тәжік, парсы, әзірбайжан секілді көрші халықтардың әдебиетін де жетік меңгергенін көрсетеді. Ақынның шығармашылығына түрікмен фольклоры ерекше әсер етті.
Махтумкули – поэзияда түркі тілдес халықтардың фольклорында кең таралған гошги (төрт жолды өлең шумағы) деп аталатын негізгі жанрды қолданған алғашқы түркімен ақыны.
Махтумкулидің туындылары – түрікмен поэтикалық классикасының шыңы. Замандастарына оның патриоттық және гуманистік идеялары, түрікмен тайпаларын бірлікке шақыруы үлкен әсерін тигізді. Махтумкули лирикасында әлеуметтік-философиялық мотивтер маңызды орын алады. Ақынның шығармашылығы кейінгі кезеңдегі түрікмен поэзиясының дамуына әсер етті.
Оның өлеңдері мен шағын поэмалары халық шығармашылығына тілі бойынша және поэтикалық тәсілдерімен жақын болып, халықтың жадында бүгінгі күнге дейін ұрпақтар үшін даналық пен поэтикалық шабыт көзі ретінде сақталған.
Өтетін уақыты: 20 ақпан, сағат 15.00.
Өтетін орны: Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының көрме залы (кіру Ақмешіт көшесі жағынан)
Мекенжайы: Астана қаласы, Нұржол желекжолы, 12.
-->Мақтымқұлы Фрагидің 300 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО-ның 2024-2025 жылдарға арналған мерейтойлық күндер тізбегіне енгізілген.