Астанада тұрғын үйлерге өрт және оның салдарынан қорғайтын қондырғылар орнатылды
Бүгін түтін және көміртегі тотығын анықтайтын датчиктер Үркер тұрғын үй алабындағы бірқатар тұрғын үйлерге қондырылды, деп хабарлады Elorda.info.
Іс-шараны Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» ЖРО» КММ Астана қаласының Төтенше жағдайлар басқармасымен бірлесе отырып ұйымдастырды.
Астана қаласы Нұра ауданы әкімшілігі мен Төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасынан түтін және көміртегі тотығын анықтайтын барлығы 100 датчик алынып, әр апта сайын Үркер тұрғын үй алабындағы белгіленген тұрғын үйлерге қондырылмақ.
Іс-шараны ұйымдастырушылар әуелі Ақсүйек көшесіндегі 16-үйге аталған қондырғыны орнатты.
Үй иесі, зейнеткер Шолпан Боранбаева мұндай қондырғының тұрғындар үшін пайдалы екенін айтып, ұйымдастырушыларға өз ризашылығын білдірді.
Бұдан кейін көп балалы ана Салтанат Аукенованың шаңырағына және көру қабілеті бойынша мүмкіндігі шектеулі жандар Берен Өтебаева, Қарашаш Тәшеновалардың үйлеріне дәл осындай қауіпсіздік құрылғысы қондырылды.
-->
Іс-шараны Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» ЖРО» КММ Астана қаласының Төтенше жағдайлар басқармасымен бірлесе отырып ұйымдастырды.
Бірлескен іс-шарамызда әлеуметтік жағынан осал топқа жататын отбасыларға аталған датчиктерді орнатамыз деп жоспарлап отырмыз. Оның ішінде зейнеткерлер, мүгедектер және көп балалы отбасылар бар. Бүгін 4 тұрғын үйге осындай өрт және оның салдарынан қорғайтын қондырғылар орнатылатын болады. Аталған қондырғыларға Астана қаласы Нұра ауданының Төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы арқылы қол жеткізілді, - деді Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» ЖРО» КММ-нің мамандар және құқықтық көмек бөлімінің жетекшісі Динара Мақұлова.
Астана қаласы Нұра ауданы әкімшілігі мен Төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасынан түтін және көміртегі тотығын анықтайтын барлығы 100 датчик алынып, әр апта сайын Үркер тұрғын үй алабындағы белгіленген тұрғын үйлерге қондырылмақ.
Қондырғы жеке секторда қандайда бір түтін пайда болған жағдайда үйдің иесіне дыбыстық белгі береді. Бұл пеш болсын, электр құрылғылары болсын, өрт немесе улану қаупін туындататын қауіпті жағдайлардың алдын алмақ. Дыбыстық белгіні естіген үй иесі тез арада өртке қарсы қызметке оқиға туралы хабарлауы керек. Дегенмен датчиктердің орталықтандырылмағанын, яғни Төтенше жағдайлар жөніндегі басқармаға белгі келмейтінін ескерткіміз келеді. Сондықтан тұрғындар белгіні естісімен 101-ге ақпарат айтуы тиіс, - деді Астана қаласы Нұра ауданының Төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының бас маманы Әділжан Берікболсынов.