Елордада Төле би көшесіндегі жол учаскесі ашылды
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы «Сарайшық көшесінен Сығанақ көшесіне дейінгі 306 көше құрылысы» жобасын іске асыру аясында кезекті кезеңнің аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ек-32 көшесінен Сығанақ көшесіне дейін Төле би көшесінің құрылысы бойынша жұмыс жүргізілді. Осы учаскеде көлік қозғалысы 1 қыркүйектен бастап қамтамасыз етіледі, - делінген хабарламада.
Көшенің бұл учаскесі көлікке қолжетімділікті жақсартуға және қала тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.