Елордада ШЫҰ қатысушы елдер арасында халықаралық симпозиум өтті
Астанада ШЫҰ университеттерінің «Жоғары білім беру және өндірісті интеграциялау саласындағы ынтымақтастық» атты халықаралық симпозиумы өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Ауқымды іс-шараға ҚР Президентінің кеңесшісі Болат Ақшолақов, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, ҚХР Білім министрі Хуай Цзиньпэн, Жібек жолы университеттері альянсының басшылығы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев, Сиань Цзяотун университетінің ректоры Чжан Лицюнь, Астана IT университеті ректорының міндетін атқарушы Серік Өмірбаев және 20 жоғары оқу орнының ректоры қатысты.
Симпозиум аясында «ШЫҰ-ға қатысушы елдердің жоғары білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастығы» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.
Кітапта ШЫҰ-ға қатысушы елдердің білім-ғылым, халықаралық ынтымақтастық саласындағы ортақ табыстары мен бірлесе атқарған жұмыстары орыс, ағылшын, қытай тілінде баяндалған.
-->Ауқымды іс-шараға ҚР Президентінің кеңесшісі Болат Ақшолақов, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, ҚХР Білім министрі Хуай Цзиньпэн, Жібек жолы университеттері альянсының басшылығы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев, Сиань Цзяотун университетінің ректоры Чжан Лицюнь, Астана IT университеті ректорының міндетін атқарушы Серік Өмірбаев және 20 жоғары оқу орнының ректоры қатысты.