Елорда жаңалықтары

Елордада стадион аумағында өрт шықты

Бүгін түнде Астана қаласы Сарыарқа ауданы Кенесары көшесі бойндағы жұмыс істемейтін стадион аумағында өрт шықты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, стадион аумағындағы қоқыс өртенген.

«Өрттің аумағы 20 ш.м. құрады. ТЖМ күштерімен өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда», - делінген хабарламада.