Елордада әскери-патриоттық ән байқауының жеңімпаздары анықталды
Астанада «Жас сарбаз – патриоттар ордасы» жобасы аясында «Жас сарбаз» қозғалысының тәрбиеленушілері арасында өткен әскери-патриоттық ән байқауының қорытындысы шығарылды, деп хабарлады Elorda.info.
Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, тұңғыш Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовтің 100 жылдығына арналған іс-шара ҚР Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының базасында өтті. Оған Қорғаныс министрлігінің, елорда әкімдігінің өкілдері, мәслихат депутаттары, Қарулы күштердің ардагерлері мен «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері қатысты.
Ол сондай-ақ байқау патриотизмді тәрбиелеуге, шығармашылық жастарды қолдауға және ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға бағытталғанын атап өтті.
Әскери-патриоттық ән байқауының қорытындысы бойынша бас жүлдені №51 мектеп-гимназиясының оқушысы Арай Ерахмет иеленді. Ол енді республикалық байқауға қатысады. Бірінші орынды мұғалімдер колледжінің студенті Диас Мэлс жеңіп алды. Қазылар алқасы екінші орынды №57 орта мектептің атынан қатысқан Наушабек Баязи мен Темірбек Қалменбайға және №52 мектеп-гимназиясының оқушысы Дінислам Көпіровке берді. Үшінші орынды Сервис және туризм колледжінің студенті Наргиз Мәлікова, №63 «Армандастар» мектеп-гимназиясының домбырашылар ансамблі және №61 мектеп-лицейінің оқушысы Мансұр Мұхамеджановтар өзара бөлісті.
Іс-шара ҚР Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығы «Жас сарбаз» шығармашылық студиясы тәрбиеленушілерінің мерекелік концертімен аяқталды.
-->Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, тұңғыш Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовтің 100 жылдығына арналған іс-шара ҚР Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының базасында өтті. Оған Қорғаныс министрлігінің, елорда әкімдігінің өкілдері, мәслихат депутаттары, Қарулы күштердің ардагерлері мен «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері қатысты.
Өскелең ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиелеу жүйесін нығайту мен дамыту – еліміздегі жастар саясатының басым бағыттарының бірі. Оның белсенді қозғаушы күші – «Жас сарбаз» қозғалысы, – деді Астана қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, полковник Айдын Сағымбеков.