Елорда жаңалықтары

Елордада әскери патриоттық іс-шара өтті

Астанада Республика күні қарсаңына орай жастарды әскери патриоттыққа тәрбиелеу және әскери қызметтің беделін одан әрі көтеру мақсатында «Жастар» сарайында «Ел қорғау – нағыз ерлер ісі!» атты іс-шара өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Жиын барысында 2025 жылғы күзде жас толымды Қазақстан Қарулы Күштеріне салтанатты шығарып салу өткізіліп, сарбаздар ант қабылдады.

Әскери-патриоттық акцияға Қорғаныс министрінің орынбасары, Астана қаласы әкімінің орынбасары, «Қарулы Күштер ардагерлері» РҚБ басшылығы, Астана қаласы әкімдігі басқармаларының басшылығы, ҚР ҚК ардагерлері генералдар мен офицерлер, танымал блогер, спортшы-жаттықтырушы Айтым Жақыпов, 800-ден астам қала мектептерінің оқушысы және «Жас сарбаз» жасөспімімдер мен балалар ӘПК тәрбиеленушілері, курсанттар мен мерзімді әскери қызмет қызметшілері қатысты.

«Отан қорғау – әр азаматтың борышы. Міне, менің де балам сол қасиеттті борышын өтеуге аттанып барады. Мен оның Отан алдындағы борышын абыроймен өтеп, аман-есен оралуын тілеймін», - дейді баласын әскерге шығарып салуға келген Айтолқын Әзімқұлова.

Сондай-ақ іс-шара барысында әскери техника мен қару-жарақ түрлері, киім үлгілері көрмесі, концерттік бағдарлама өткізілді.