Елорда жаңалықтары

Астанада әскери қызметшілер марапатталды

ШЫҰ саммиті мен Астана күнін атап өту кезінде Ұлттық ұлан құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында күшейтілген режимде қызмет атқарды, деп хабарлады Elorda.info polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұландықтар күндіз-түні кезекшілік етіп, қаланың негізгі аудандары мен іс-шаралар өтетін орындарды бақылап отырды. Бас қаланың бес ауданында Астана, Қарағанды, Павлодар, Көкшетау және Теміртау қалаларынан келген мыңнан астам әскери қызметші тыныштықты күзетті.

Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының, сондай-ақ 5573 және 6636 әскери бөлімдерінің саптық алаңында елордада қоғамдық тәртіпті сақтаған әскери қызметшілер марапатталды.

Астаналық бригадада Ішкі істер министрінің орынбасары – ҚР Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы Еркін Ботақанов құттықтау сөз сөйледі.

Сонымен қатар Бас қолбасшылықта Бас штаб бастығы Қайрат Ақтанов және 6636 әскери бөлімінде бас тәрбиеші Қайрат Үмбетов елордадағы маңызды шарада қызметін қалтқысыз атқарған сарбаздарды марапаттады.

Іс-шара барысында әскери қызметшілер Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Еркін Ботақановтың бұйрығы аясында грамоталармен және алғыс хаттармен, «Ұлттық ұлан үздігі», «Қоғамдық тәртіпті сақтағаны үшін» төсбелгілерімен марапатталды.

Саптық алаңдағы шара салтанатты шерумен аяқталды. Әскери қызметшілер өздерінің қажырлы еңбегі мен елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін жоғары марапаттарға ие болды.

-->

«Ұлттық ұланның әскери қызметшілері еліміздегі ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтарымыздың тыныштығын қорғау бойынша күнделікті қызметтік-жауынгерлік міндеттерді орындайды. Тәуелсіз Қазақстанның игілігі үшін маңызды мемлекеттік міндеттерді шешеді. Бұл біздің елордада 3-4 шілде аралығында өткен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммиті сияқты ауқымды және маңызды іс-шарада қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысында дәлелденді. Бас қолбасшылықтың атынан және өз атымнан барлық әскери қызметшіге жоғары кәсібилігі мен іске адалдығы үшін алғысымды білдіремін. Жеке құрам алға қойылған міндеттерді орындай отырып, жеке тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ете алды», – деді Еркін Ботақанов.