Елорда жаңалықтары

Елордада әскери киім тігетін жаңа кәсіпорын ашылды

DuyQaz айына 1500-2000 бірлік арнайы киім шығарады, болашақта өнім көлемін 4 мыңға жеткізу жоспарланып отыр. 

Киім-кешек қазақстандық күштік құрылымдары үшін тігіледі. Кәсіпорында 40 адам жұмыс істейді.

 Кәсіпорынға QazIndustry өкілдері барып, тігін фабрикасының басшылығына мемлекеттік ынталандыру шараларын пайдалану ұсынылды.

DuyQaz компаниясы 2023 жылдың қазан айында «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының қатысушысы ретінде енгізілген.

Айта кетейік, Қазақстанның әскери қызметшілері жаңа формаға: аляска үлгісіндегі күртелерге, қалқасыз қалпақтарға және басқа да өзгерістерге көшуі тиіс. Киім үлгілері Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен 2023 жылдың мамыр айында өткен Бүкіләскерлік конференцияда көрсетілген болатын. Жаңа далалық киім үлгісіне көшу 2024 жылдың төртінші тоқсанында, қалған заттар бойынша үш жыл ішінде жоспарланған. Отандық кәсіпорындар жуықа арада жаңа үлгідегі форманы шығаруға кірісуі тиіс.

-->

Астанада арнайы киім тігу бойынша жаңа кәсіпорын бір ай бұрын ғана іске қосылып отыр. Бұл ретте, кәсіпорын үшін мемлекеттік ынталандыру шаралары артық етпейді. Біз цехқа барып, басшылыққа шығындардың бір бөлігін өтеу түріндегі мемлекеттік ынталандыру шараларын қолдануды ұсындық. Ынталандыру шараларын кәсіпорындағы қазіргі күні жүргізіліп жатқан іске қосу-реттеу жұмыстарына және қызметкерлерді оқыту мақсатында шетелдік мамандарды тарту бағыттары бойынша пайдалана алады, - деді «QazIndustry» АҚ Бизнесті ынталандыру дирекциясының басшысы Арстанбек Сағиев.