Елордада әскери авиация жаттығулары өтеді
23-24 қараша күндері Астанада Қазақстан Қарулы күштері авиациясының жоспарлы ұшулары өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Аталған іс-шара арнайы түтінді пайдалану арқылы Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің оқу-жаттығу ұшулары шеңберінде өткізілмек.
Авиацияның ұшуы қауіпсіз биіктікте өтетіндіктен, қала өмірінің әдеттегі қалпын бұзбайды. Іс-шара ұшу қауіпсіздігі шараларына сәйкес ұйымдастырылатындықтан, тұрғындарға ешқандай қауіп төндірмейді. Қолданылатын түрлі-түсті түтіндердің экологиялық зияны жоқ, - делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.