Елордада шахматтан әлем чемпионатының алғашқы партиясы қалай аяқталды
Классикалық шахматтан биылғы әлем чемпионатындағы ресейлік Ян Непомнящий мен қытайлық Дин Лижэнь арасындағы алғашқы партия тең аяқталды, деп хабарлады Elorda.info.
Ақ тастармен ойнаған Ян қанша жерден табанды ойын көрсеткенімен, Дин қара тастармен сауатты қорғанып, қарсыласына мүмкіндік берген жоқ. Нәтижесінде бес жарым сағатқа созылған ақыл-ой додасы 49 жүрістен соң тең аяқталды.
Айта кетейік, бірінші партиядағы алғашқы жүрісті Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов пен Халықаралық шахмат федерациясының президенті Аркадий Дворкович жасады. Енді таңдаулы гроссмейстерлер арасындағы 2-партия бүгін елорда уақытымен сағат 15:00-де басталады.
-->Классикалық шахматтан биылғы әлем чемпионатындағы ресейлік Ян Непомнящий мен қытайлық Дин Лижэнь арасындағы алғашқы партия тең аяқталды, деп хабарлады Elorda.info.