Елорда жаңалықтары

Елордада «Шаһар шежіресі» атты көрме ұйымдастырылды

«Хан Шатыр» ойын-сауық орталығындағы іс-шара Тәуелсіздік күні мен Астана қаласының 25 жылдығына арналды. Көрмеге қалалық мемлекеттік архивте сақталған елорда тарихы туралы құжаттар мен фотосуреттер қойылды, деп хабарлады Elorda.info.

марат.jpg

Жиналған көпшілік алдында сөз сөйлеген ғалым, сондай-ақ, 25 жыл бұрын қазақ астанасының көшін бастап келген Тұңғыш Президент бастамасы туралы да айтып, қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады. 

мадияр.jpg

«Хан Шатыр» ойын-сауық орталығындағы осындай маңызы бар көрме 3 күн бойы қала тұрғындарына есігін айқара ашпақ. Оларды архив қызметшілері көрмеге қойылған құнды деректермен таныстыратын болады. 

есет.jpg

Көрменің ашылуына қалалық архив басшысының орынбасары Төлеуғали Қышқашбаев, басқа да тарихшы ғалымдар, қала тұрғындары қатысты. 

кормее.jpg

-->

Еліміздің қай қаласын алсақ та, киелі жерлері тарихқа тұнып тұр. Түркістан десек есімізге Қожа-Ахмет Яссауи, Ақтау десек Бекет ата, Алматы десек Есіктегі Алтын адам еске түседі. Ал Астананы айтқанда осы жерде өткен Абылай мен Кенесары бірден ойымызға орала кетеді. Бұл маңда XIX ғасырда диірмен тұрған. Осы топырақта Қажымұқан, Балуан Шолақтардың атағы асқақтаған. Кешегі Рақымжан Қошқарбаев, Талғат Бигелдинов, Сағадат Нұрмағамбетовтердің есімдері арқаның жерімен біте байланысып жатыр. Қазір Астанамыз қалай жарқырап тұр? Зәулім ғимараттары қандай, азаматтары қандай? Бай тарихымызды енді жастар жалғастыруы керек. Қаламызда қаншама қазақ мектептері ашылып жатыр. Кезінде соғыстың алдында 5-6 қазақ мектебі болды, тың игеру кезінде жалғыз қазақ мектеп-интернаты қалды. Қазір қаламыз жоғары қарқынмен өсіп жатыр. Бұрын тұрғындардың 70-80 пайызы қазақ болса, тың игеру кезінде 10 пайызға дейін түсіп қалды. Бүгінде бас қаламыздағы жергілікті ұлттың үлесі 90 пайызға жетті. Қала тұрғындары 200 мыңнан бастап 1,5 млн өсті, - деді көрменің ашылуында сөз сөйлеген Марат Әбсәметов. 

Жиналған көпшілік алдында сөз сөйлеген ғалым, сондай-ақ, 25 жыл бұрын қазақ астанасының көшін бастап келген Тұңғыш Президент бастамасы туралы да айтып, қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады. 

мадияр.jpg

Біздің тәуелсіздігіміз оңай келген жоқ. Халқымыз XVII- XVIII ғасырлардан бастап, тіпті  XX ғасырдың өзінде де бірталай қиын-қыстау кезеңдерді бастан кештік. Мысалы, Теміртау, Целинаград, Желтоқсан оқиғасын айтуға болады. Қазіргі кезде жастар, өкінішке қарай, Тәуелсіздік күнін демалыс күні ретінде ғана есептеп, тарихына үңіле бермейді. Сондықтан мұндай көрмелерді масштабты түрде жиі өткізуге тиіспіз. Соның арқасында жастардың патриоттық рухы оянады деп ойлаймын, - деп өз Еуразия Ұлттық университетінің тарихшы магистранты Рамазан Мадияр.

«Хан Шатыр» ойын-сауық орталығындағы осындай маңызы бар көрме 3 күн бойы қала тұрғындарына есігін айқара ашпақ. Оларды архив қызметшілері көрмеге қойылған құнды деректермен таныстыратын болады. 

есет.jpg

Тәуелсіздік күні қарсаңында біз Астананың тарихына қатысты құнды құжаттардың арнайы көрмесін жасадық. Біз өзіміздің архивта үнемі көрме өткіземіз. Ал бұл жолы көшпелі көрме ретінде өткізіп жатырмыз. Өйткені «Хан Шатыр», «MEGA Silk Way» сияқты сауда, ойын-сауық орталықтарына адамдар көп келеді. Олар архивке арнайы бармауы мүмкін. Сондықтан біз адамдар көп жиналатын орталықтарға архив материалдарын әкеп жатырмыз. Осы арқылы қаламыздың тарихын көрсетеміз. Көрмеде тәуелсіздік алған жылдардан бері ғана емес, сонау Бозақ қалашығының кезіндегі қамалдардан бастап тарихи кезеңдердің хронологиясы бойынша бүгінге дейін алып келдік. Қаланың тұрғындары осы жерге келгенде бұл мәліметтердің барлығымен таныса алады.

Көрменің ашылуына қалалық архив басшысының орынбасары Төлеуғали Қышқашбаев, басқа да тарихшы ғалымдар, қала тұрғындары қатысты. 

кормее.jpg