Елордада «Шаһар шежіресі» атты көрме ашылды
1997 жылы 300 мыңнан аса тұрғыны бар Ақмола қаласы ел астанасы атанған 25 жыл ішінде алып шаһарға айналды. Мерейлі дата қарсаңында Ұлттық архив бірегей фото, бейне деректерді көпшілік назарына ұсынды, деп хабарлады Elorda.info 24.kz-ке сілтеме жасап.
Көрмеде ел астанасын көшіру жайындағы Президент Жарлығынан бастап бүгінге дейін жарияланған маңызды Қаулылар, сондай-ақ, ежелгі Бозоқ қалашығын, Ақмола бекінісін зерттеу жайлы құнды жазбалар көрсетілген.
Шараға сәулетшілер, тарихшылар, Архив ісі комитетінің, Астана қаласы мемлекеттік архивінің өкілдері қатысты. Көрме барысында Елорда тарихы туралы кітаптың тұсаукесері өтті.
-->Көрмеде ел астанасын көшіру жайындағы Президент Жарлығынан бастап бүгінге дейін жарияланған маңызды Қаулылар, сондай-ақ, ежелгі Бозоқ қалашығын, Ақмола бекінісін зерттеу жайлы құнды жазбалар көрсетілген.
Шараға сәулетшілер, тарихшылар, Архив ісі комитетінің, Астана қаласы мемлекеттік архивінің өкілдері қатысты. Көрме барысында Елорда тарихы туралы кітаптың тұсаукесері өтті.
Бұл шараға астана қаласының архитектурасына еңбек сіңірген архитекторлар қауымы, тарихшы-ғалымдар қатуысуда. Бұрынғы ортағасырдағы Бозоқ қаласына қатысты, адтын адам тапқан Кемел Ақышевтың жолдасы ол кісі де тарихшы сол кісілер қатысуда,- дейді ҚР Ұлттық архив директоры Сағила Нұрланова.