Елорда жаңалықтары

Елордада үш мыңнан астам жарнамалық жазулар алынып тасталды

Астананың сырт келбетін бірыңғай дизайн-кодқа сәйкестендіру жұмысы жалғасуда, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жыл басынан бері барлық ауданда ғимараттардың қасбетінен үш мыңнан астам жарнамалық билборд, маңдайша мен дөңгелекті жарнамалар алынып тасталды. 

Осы жылдың тамыз айында қалада 636 жарнамалық элемент анықталды.

Үш мыңнан астам маңдайша мен сыртқы жарнама элементі бөлшектелген.

Сонымен, ғимараттардың қасбетінен сәйкес келмейтін жарнамалық белгілер мен баннерлер алынып тасталады. Астана тұрғындары мұндай өзгерістер қаланың көркін арттырып, қолайлы етеді деп санайды.

Естеріңізге сала кетейік, бес аудан әкімдігінің қызметкерлері заңсыз және сәйкес келмейтін жарнаманың дизайн-кодын түсіндіру және бөлшектеу бойынша көшпелі іс-шаралар өткізуде. Кәсіпкерлерге тиісті түсіндіру жұмысы жүргізіледі, дизайн-кодқа сәйкес келмейтін маңдайшаларды ауыстыру қажеттілігі туралы буклеттер беріледі.

Айта кетейік, 2023 жылдың қаңтар айында Астананы дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көше жарнамасын орналастыруға қойылатын талаптардың сақталуын бақылауды күшейтуді тапсырған болатын.

-->