Елордада үш мыңға жуық жарнама алынып тасталды
Жыл басынан бері елорданың бес ауданында үш мыңға жуық жарнамалық билборд, маңдайша мен жарнамалар алынып тасталды, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Бұл жұмыс қаланың сырт келбетін дизайн кодқа сәйкестендіру мақсатында жүргізіліп жатыр.
Ғимараттардың қасбетінен дизайн кодқа сәйкес келмейтін жарнамалық белгілер мен баннерлер алынып тасталады. Астана тұрғындары мұндай өзгерістер қаланы әдемі әрі заманауи етеді деп санайды.
Жыл басынан бері елордада үш мыңға жуық баннер, жарнамалық белгі, оның ішінде қаланың дизайн кодына сәйкес келмейтін дөңгелектердегі жарнамалар алынып тасталды.
Айта кетейік, бес аудан әкімдігінің қызметкерлері заңсыз және сәйкес келмейтін жарнаманың дизайн кодын түсіндіру және алып тастау бойынша көшпелі іс-шаралар өткізеді.
Кәсіпкерлермен тиісті әңгімелер жүргізіледі, дизайн кодқа сәйкес келмейтін маңдайшаларды ауыстыру қажеттілігі туралы буклеттер беріледі.
Айта кетейік, 2023 жылдың қаңтар айында Астананы дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көше жарнамасын орналастыруға қойылатын талаптардың сақталуын бақылауды күшейтуді тапсырған болатын.
-->Бұл жұмыс қаланың сырт келбетін дизайн кодқа сәйкестендіру мақсатында жүргізіліп жатыр.
Ғимараттардың қасбетінен дизайн кодқа сәйкес келмейтін жарнамалық белгілер мен баннерлер алынып тасталады. Астана тұрғындары мұндай өзгерістер қаланы әдемі әрі заманауи етеді деп санайды.
Жыл басынан бері елордада үш мыңға жуық баннер, жарнамалық белгі, оның ішінде қаланың дизайн кодына сәйкес келмейтін дөңгелектердегі жарнамалар алынып тасталды.
Мен қаламыздың келбеті күннен күнге құлпырып келе жатқанына қуанамын, ол бір стандартқа айналып келеді, маңдайшалар алынып тасталады, бұл біздің үйді ғана емес, қаланы да құлпырта түседі, – деп есептейді астаналық Айман Тұрдахинова.
Жақсы жұмыстар жүргізіліп жатыр, қаланың сырт келбеті ретке келтірілуде. Өте дұрыс деп санаймын, – деді елорда тұрғыны Нұрман Рахимов.