Елордада саунаның әкімшісі үш миллион теңге жымқырған
Астанада саунаның әкімшісі үш миллион теңге жымқырған, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz- ке сілтеме жасап.
«Полицияға 35 жастағы жергілікті тұрғыннан арыз түскен. Саунаның иесі кассадан шамамен үш миллион теңге ұрланғанын мәлімдеген. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, аталған мекеменің 34 жастағы әкімшісі бұл іске күдікті ретінде анықталды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, әйел жұмыс барысында келушілерден түскен ақшаның бір бөлігін кассаға салып, қалғанын өз шотына аударып отырған. Тергеу кезінде күдікті өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», - деп жазылған хабарламада.