Елорда жаңалықтары

Елордада сарбаздар ер адамның өмірін сақтап қалды

Астанада Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұлан жауынгерлері ер адамның өмірін сақтап қалды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

5573 елордалық әскери бөлімінің сарбаздары қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету кезінде, кенеттен есінен танып құлағае адамға алғашқы көмек көрсетті. Бұл туралы Ұлттық ұланның баспасөз қызметі мәлімеді.

Байқоңыр ауданында қоғамдық тәртіпті сақтау қызметі барысында сағат 19:30 шамасында әскери жасақ бастығы қатардағы Мейрам Бекболатов, патрульшілер Манасбек Дәулетбаев пен Мейірбек Ақылбек ес-түссіз қансырап жатқан адамды байқады.

«Жерде жатқан азаматты көрген бойда бірден уақыт жоғалтпай жедел жәрдем шақырдық. Медицина қызметкерлері келгенше  бас жарақатын таңып, қан ағуын тоқтатып алғашқы көмек көрсеттік. Кейін белгілі болғандай, ол есінен танып құлағанда басы бордюрға соғылған екен», -  деді қатардағы Мейрам Бекболатов.

Оқиға орнына жеткен дәрігерлер жедел ем-дом көрсетіп, жәбірленушіні ауруханаға жеткізді. Азаматтың қазіргі жағдайы орташа ауыр дәрежеде деп бағаланып отыр.