Елорда жаңалықтары

Елордада құрылыс салушылар 100 мыңнан аса жасыл желек отырғызады

Астана қаласы әкімі өзінің Instagram парақшасында құрылыс салушыларға құрылыс сапасымен бірге қажетті инфрақұрылымды тиісті түрде жүргізу, аулаларды абаттандыру және аумақты көгалдандыру міндеттері жүктелгенін айтты, деп хабарлады Elorda.info.

же 1.jpg

же 2.jpg

Мәселен, Қ.Мұңайтпасов, Бейбітшілік бойында жаяу жүргіншілерге арналған променадтар ашылса, «Амман» және «Абылай хан» көпірлерінің астында жаяу жүргіншілер өткелі жасалды. Олар Ақбұлақ өзенінің бойындағы саябақ кластерлерін біріктірді. Орталық жағалаудағы тарихи көшелер жаңарып жатыр, «Журналистер аллеясы», Салтанат қақпасы жанындағы алаң және т.б. абаттандырылды.

-->

же 1.jpg

Биыл қолданысқа берілетін тұрғын үй кешендерінің аумағын көгалдандыру жоспары қайта қаралды. Жасыл желектердің саны 2,5 есеге артты.

Жеке құрылыс салушылар өздерінің ТК аумағында 100 мыңнан астам жасыл желек отырғызады. Алғашқы кезеңде 100-ден астам тұрғын үй кешенін қамтимыз. Сол сияқты аулаларды абаттандыру бойынша да талаптар бар.

Біз өз тарапымыздан қаланы абаттандыру жұмысын ары қарай жалғастырамыз. Биыл абаттандырылған аулалар мен қоғамдық кеңістіктер (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) саны 165-тен асады, - деп жазды Жеңіс Қасымбек. 