Елорда жаңалықтары

Астанада өрттен жасөспірім қызды құтқарып қалған ер адам марапатталды

Астанада өртеніп жатқан пәтерден қыз баланы құтқарып қалған ер адам марапатталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бүгін Астана қаласы ТЖД бастығы Марат Күлдіков қаланың тұрғын үй кешендерінің бірінде болған өрт кезінде қыз баланың өмірін құтқару кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін Алтынбек Алтаевты «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапаттады.

Естеріңізге сала кетейік, Алтынбек Алтаев 12 тамызда Сығанақ көшесінде 12 қабаттық тұрғын үйде болған өрт кезінде қыз баланы құтқарып қалған болатын.