Елорда жаңалықтары

Елордада «Ұрпақтар диалогы» дискуссиялық клубы ашылды

Астанада Байқоңыр ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы негізінде «Ұрпақтар диалогы» дискуссиялық клубы құрылды. Клуб аясында «Ұрпаққа аманат» тобы жұмыс істейді. Бұл туралы Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Дискуссиялық клубта депутаттар, жазушылар, ақындар, композиторлармен кездесулер ұйымдастырылада.

«Жас сарбаз – патриоттарды тәрбиелейді» шарасы өткізіліп, жас ұрпақтың азаматтық жауапкершілігін арттыруға және ұрпақтар сабақтастығын сақтауға бағытталған. «Шахмат патшалары» клубы тұрақты түрде белгілі гроссмейстерлердің қатысуымен шахмат турнирлерін өткізеді.

«Бұл және басқа да шаралар Астана қаласы әкімдігі мен елордалық мәслихат әзірлеп, бекіткен «Белсенді ұзақ өмір сүру» кешенді жоспары шеңберінде қарастырылған. Бағдарламалық құжат аясында тегін заң көмегін көрсету, қаржылық сауаттылықты арттыру, қайырымдылық акцияларын, көрме-жәрмеңкелерді ұйымдастыру, зейнеткерлердің қолөнер бұйымдарын саудалау, бос орындар жәрмеңкесін өткізу, емханаларда арнайы медициналық кабинеттер ашу және басқа да іс-шаралар жоспарланған. Біз ардагерлер кеңесінің басшыларымен әрдайым тығыз байланыстамыз», - деп жазды мәслихат төрағасы.