Елорда жаңалықтары

Елордада республикалық жазба ақындар мүшәйрасының жеңімпаздары марапатталды

Бүгін Астанада «Байрағы биік байтағым» атты республикалық жазба ақындар мүшәйрасының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлады Elorda.info.

Салтанатты рәсімге Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, қалалық мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов, сондай-ақ ақындар, жазушылар және елорда тұрғындары қатысты.

 

Мүшәйраға елорда күні мен Жошы ұлысының 800 жылдығына арналған өлең, толғау, баллада, поэма жазған ақындар қатысқан. Ал қаламгерлердің жасына шектеу қойылмаған.

 

Байқау шарты бойынша бәйгеге қатысатын шығарма еш жерде жарияланбаған, еш әдеби байқауларға қатыспаған, баспадан шықпаған болуы қажет.

Әділқазылар келіп түскен шығармалардың көркемдік деңгейі, тарихты қаншалықты білетіндігі секілді т.б. критерийлер бойынша бағалаған.

Байқаудың жалпы жүлде қоры – 12 млн теңге. Мұнда бас жүлдеге – 3 млн теңге, 1-орынға – 2 млн теңге, 2-орынға – 1 млн теңге, 3-орынға 600 мың теңге берілді. Сондай-ақ олар 7 арнайы сыйлық – 300 мың теңгемен марапатталды.

«Байрағы биік байрағым» атты республикалық жазба ақындар мүшәйрасы Фариза Оңғарсынова атындағы арнайы сыйлықпен марапатталған Қарлығаш Қабай өз әсерімен бөлісті.

-->

Салтанатты рәсімге Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, қалалық мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов, сондай-ақ ақындар, жазушылар және елорда тұрғындары қатысты.

Армысыздар, қадірменді сара сөздің майталмандары, мәдениет қайраткерлері, жиналған қауым. Жылдағы дәстүр бойынша осындай аламан сөз бәйгесінде қауышып отырғанымызға қуаныштымыз. 12 жыл қатарынан дәстүрлі түрде жыл сайын елорда күнін тойлау аясында осы шараны ақиық ақынымыз, аудармашы, журналист Несіпбек Айтұлы ағамыз  өткізіп келген болатын. Игі дәстүрді биыл да жалғастыруды жөн көрдік. Осы орайда жауапкершілігі мол істі халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Дәулеткерей Кәпұлы жалғастыруда. Бүгін рухани кештің куәсі болып отырмыз. Қаламдарыңыз ұштала берсін. Елорда күні құтты болсын, - деді Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен.

 

Мүшәйраға елорда күні мен Жошы ұлысының 800 жылдығына арналған өлең, толғау, баллада, поэма жазған ақындар қатысқан. Ал қаламгерлердің жасына шектеу қойылмаған.

 Бүгінгі іс-шараның – маңызы  ерекше. Қазақтың жыр жарысы – ұлттық салт-дәстүрімізді танытатын өнердің  ерекше қайталанбас бөлігі. Жыр жарысы – қазақ халқының табиғи болмысында, күнделікті тұрмыс-тіршілігінде ежелден бар, қанымызға сіңген дүние. Сондықтан бұл – жүрек қалауы. Ол біздің халықпен бірге өмір сүріп келеді. Өнер – ұлттың жаны. Сондықтан жанның рахатын іздеген өнерсүйер қауымның қатары жылдан-жылға арта берсін. Өнер саласында қызмет етіп жүрген  жандарға Отанымыздың игі жолында атқарып жатқан еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін, - деді қалалық мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов.

 

Байқау шарты бойынша бәйгеге қатысатын шығарма еш жерде жарияланбаған, еш әдеби байқауларға қатыспаған, баспадан шықпаған болуы қажет.

Бұл – 12 жылдан бері Астана қаласы күніне орай атақты ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Несіпбек Айтұлы ағамыз жолға қойған әрі қалалық әкімдіктің қолдауымен өтетін республикалық бірден-бір айтулы мүшәйра. Биылғы мүшәйра Астана күні мен Жошы ұлысының 800 жылдығына арналады. Бұл тақырып бір жарым ай бұрын жарияланды. Ақындарымыз үлкен дайындықпен келді. 80-ге жуық шығарма түсті. Қазылар алқасының төрағасы – Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын Ғалым Жайлыбай. Әділқазылар құрамында ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Бауыржан Бабажанұлы, Сұраған Рақметұлы, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ филология факультетінің деканы Серікзат Дүйсенғазы бар, - деді қазылар алқасының мүшесі Дәулеткерей Кәпұлы.

Әділқазылар келіп түскен шығармалардың көркемдік деңгейі, тарихты қаншалықты білетіндігі секілді т.б. критерийлер бойынша бағалаған.

Байқаудың жалпы жүлде қоры – 12 млн теңге. Мұнда бас жүлдеге – 3 млн теңге, 1-орынға – 2 млн теңге, 2-орынға – 1 млн теңге, 3-орынға 600 мың теңге берілді. Сондай-ақ олар 7 арнайы сыйлық – 300 мың теңгемен марапатталды.

«Байрағы биік байрағым» атты республикалық жазба ақындар мүшәйрасы Фариза Оңғарсынова атындағы арнайы сыйлықпен марапатталған Қарлығаш Қабай өз әсерімен бөлісті.

«Осындай байқауды ұйымдастырған Астана қаласының әкімдігі мен Қазақстан Жазушылар одағының Астана өкілдігіне алғысымды білдіремін. Көңіл-күйім керемет. Байқауға Жошы ханның өмірлік трагедиясы мен ішкі рухани болмысына үңіліп, қарапайым тілде өлең шумақтарымен ашуға тырыстым», - деді мүшәйра жеңімпазы.