Елордада Республика күні қарсаңында бірқатар үлескер пәтер кілтін алды
Бұл туралы Астана әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info.
Жеңіс Қасымбектің сөзінше, биыл құрылысы ұзаққа созылған 30-дан астам тұрғын үй кешенінде жұмыс аяқталады.
-->
Біз 10 жылға жуық тарихы бар құрылысы ұзаққа созылған нысанды аяқтадық. «Алтын бұлақ» тұрғын үй кешенінің құрылысы сонау 2014 жылы басталған. Үйдің 5 блогы салынуы керек еді. Ал үлескерлер саны – 400-ге жуық отбасы. Тұрғын үй кешенін өткізген кезде құрылысының 20 пайызы ғана аяқталған. Осылайша, тұрғын үй кешенінде ауқымды жұмыс жүргізілді, себебі құрылысынан бөлек гараждарды сатып алу, инженерлік желілерді толықтай орнату, құжаттарды ретке келтіру және т.б. қажет болды,- деп жазды елорда әкімі.
Жеңіс Қасымбектің сөзінше, биыл құрылысы ұзаққа созылған 30-дан астам тұрғын үй кешенінде жұмыс аяқталады.
Республика күні пәтер кілтін 2, 3, 4 блок үлескерлері алды. 1 және 2 блоктарда жұмыс жүріп жатыр. Биыл құрылысы ұзаққа созылған 30-дан астам тұрғын үй кешенін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Бұл – 4 мыңға жуық үлескер отбасы. Бұл үйлердің бір бөлігі салынып бітті. Осыған дейін 12 мыңға жуық үлескер отбасының мәселесі шешілген болатын. Бұл – 120 тұрғын үй кешені. Құрылысы ұзаққа созылған нысандардың аяқталуы Мемлекет басшысының бақылауында.