Елордада полиция ер адамды сан соқтырған алаяқты қолға түсірді
Астанада алаяқтықпен қаржы табуды көздеген күдікті ұсталды, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz. сайтына сілтеме жасап.
Оның елордада бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр.
-->
«Қала тұрғыны досын ақша салып, тиімді бизнес-жоспарға инвестор болуға шақырған. Оған сенген жәбірленуші оған 16,5 миллион теңге берген. Кейін жоғары төлемге қол жеткізе алмаған ер адам полицияға хабарласқан. Жедел-іздестіру шаралары барысында Есіл аудандық полиция басқармасының қызметкерлері алаяқтықпен айналысқан 23 жастағы жас жігітті анықтады. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген хабарламада.
Оның елордада бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр.