Елорда жаңалықтары

Елордада педагогтердің дәстүрлі тамыз форумы өтіп жатыр

Бүгін Астана қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен «DIGITAL KAZAKHSTAN: Жаңа замандағы білім беру» тақырыбында педагогтердің тамыз форумы өтіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

Мұнда Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек, қалалық Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев, мәслихат депутаттары және білім беру ұйымдарының қызметкерлері жиналды.

Жалпы мұнда 2 мыңға жуық адам қатысуда. Сондай-ақ конференцияны 20 мыңнан астам білім беру қызметкері онлайн тамашалап жатыр.

Бұған қоса жиында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев білім саласына салынған инвестиция көлеі жыл өткен сайын артып келе жатқанын атап көрсетті.

Тамыз конференциясына педагогикалық еңбек ардагерлері де шақырылды. Солардың бірі – білім саласында 43 жыл қызмет еткен елордалық ұстаз Әділхан Жүсіпов.

Сондай-ақ мұнда жаңа оқу жылының басымдықтары мен негізгі міндеттері айқындалады.

Форум аясында пленарлық отырыстар, сессиялар, «Цифрлық білім берудің болашағы» атты цифрлық көрме, сонымен қоса білім берудегі цифрландыру саласындағы жетекші сарапшылармен шеберлік сабақтары ұйымдастырылады.

-->

«Елордалық білім беру жүйесінің ерекшелігі – оның қарқынды дамуы. Қала өсіп келеді. Мұнда жылына 35 мыңнан астам бала дүниеге келеді. Сондай-ақ өңірлерден елордаға 30-40 мың адам қоныс аударады. Нәтижесінде мектеп оқушыларының саны артуда. Мәселен, былтыр 1-сыныпқа 28 мыңға жуық бала барды.

Соңғы 10 жылда мектеп жасына дейінгі балалар саны 59 мыңға, оқушылар саны 160 мыңға артып отыр. Қазіргі таңда елордада 32 мектеп салынуда. Сондай-ақ 2029 жылға дейін 15 заманауи оқушылар сарайын салуды жоспарлап отырмыз. Оның 2-еуі биыл ашылды. Қазіргі таңда қалада 1,5 млн адам тұрады. Оның ішінде 250 мыңға жуығы мектепке дейінгі балалар болса, ал 280 мыңнан астамы – мектеп оқушылары», - деді Жеңіс Қасымбек.

Жалпы мұнда 2 мыңға жуық адам қатысуда. Сондай-ақ конференцияны 20 мыңнан астам білім беру қызметкері онлайн тамашалап жатыр.

«Бүгінгі форумда білім саласындағы цифрландыру мәселелері мен жаңа оқу жылына қойылатын талаптарды талқылаймыз. Осы тақырып бойынша әр сала мамандары өз тәжірибесімен бөліседі. Сондай-ақ өткен оқу жылына қорытынды жасалынып, алдағы жаңа оқу жылында атқарылатын мәселелер айтылады. Қазіргі таңда Астана мектептері жаңа оқу жылына 100 пайыз дайын. Оқушылар оқулықтармен қамтамасыз етілген. 2024-2025 оқу жылында қалада 12 мектеп пайдалануға беріледі», - деді Қасымхан Сенғазыев.

Бұған қоса жиында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев білім саласына салынған инвестиция көлеі жыл өткен сайын артып келе жатқанын атап көрсетті.

«Соңғы 5 жылда білім беру бюджеті 2 есеге, ал инвестициялар көлемі 6 есеге өсті. Астана қаласы бойынша балабақша тапшылығын байқап отырмыз. Бүгінгі таңда 2-6 жасқа дейінгі балаларды қамту 81 пайызды қамтып отыр. Бұл бағытта Астана қаласы әкімдігі ауқымды жұмыстарды жоспарлап отыр. 2025 жылға дейін бірінші рет 10 балабақша салу жоспарланған. Бұл - орасан зор жетістік. Әлеуметтік осал топқа жататын отбасындағы 97 мың бүлдіршін тегін тамақпен қамтамасыз етілді. Оның 11 712-і Астана қаласының балабақшаларына тиесілі» - деді Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.

Тамыз конференциясына педагогикалық еңбек ардагерлері де шақырылды. Солардың бірі – білім саласында 43 жыл қызмет еткен елордалық ұстаз Әділхан Жүсіпов.

«Елімізде әрбір кезеңде білім саласы заманға әрі талапқа сай дамыды. Бүгінгі таңда білім беру нысандарының жетістіктері мол. Біріншіден, мектептердің материалдық базасы жаңарды. Жаңа технологияларға сай әртүрлі құралдармен жабдықталды. Қаламыздың барша білім саласындағы қызметкерлерін жаңа оқу жылымен шын жүректен құттықтаймын», - деді Әділхан Жүсіпов.