Елорда жаңалықтары

Елордада Қорғалжын тасжолының бір бөлігі уақытша жабылды

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Қорғалжын тасжолының Тұран даңғылынан Ш.Айтматов көшесіне дейінгі аралығына орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлады Elordainfo.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

«Осыған байланысты, 25-30 мамыр аралығында аталған учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады. Бұл ретте қозғалыс тараптардың бірі бойынша екі бағытта да ұйымдастырылады», - делінген хабарламада. 

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.